Меруерт Түсіпбаева: Ахметбек Нұрсила ауыра ма, әлде клоун ба — Қазақстан жаңалықтары

0

Ахметбек Нұрсил соңғы кезде желіде қызту талқыда. Әншілерді шегіртке дегені үшін көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бірі қолдады, бірі даттады. Кәсіпкердің өзі хайп жасап, көрерменін тарта түсті. 

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы өткен аптада қарулы жасақ күштеп әкетіп бара жатқан сәті желіде тарады. Кейіннен кәсіпкер мұның қойылым екенін айтты. Бұл күні қазақ елі Бейсен Құранбекті жоқтап жатқан еді. Кәсіпкердің бұл әзілі Меруерт Түсіпбаеваның шамына тиді.

«Кеше желі тек бір қазақтың баласын жоқтады! Иманды болсын. Барша қазақ қайғы жұтып, асылынан айрылып отырғанда, мына пенденің, мына қалжыңын қалай түсінеміз? Не айтуға болады? Дәл кешегі күні, әзілдеу дұрыс па?! Әбден хайпажер болып, ақ-қараны ажырата алмай қалған ба? Әлде ауырама екен? Клоун ба? Қазақтар қайда кетіп барамыз», — деп жазды әнші парақшасында.

Меруерт ханымның сөзін желі қолданушылары да  қолдау түсті.

«Бұл кісі өзін таныта алмай жүрген адам. Не істеп жүргенін өзі біле ме?», «Қазаны сыйлау керек қой, қазақты сыйлай алмаса да», «Бүгін бар, ертең ұмыт болатын жан ғой», «Өз жасына мүлде сай емес, Иманбева айтқандай, ақсақалдығы жоқ», — деп жазды олар.


«Сені жақсы әнші деп ойлаушы едім»: Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты


 



stan.kz