Қызылорда облысында бір отбасындағы 3 адамнан коронавирус анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысында бір отбасындағы үш адамда коронавирус расталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда облысында коронавирусты 8 адам жұқтырған. 7-і Қызылорда қаласының тұрғыны, ал 1-і Арал ауданында тұрады. Науқастар 2004, 2007 жылы дүниеге келген ер адамдар, 1946, 1970, 1971, 1976, 1983, 1992 жылғы әйелдер.

«Вирус жұқтырған тұрғындардың үшеуі — бір отбасы мүшесі. Олар Қызылорда қаласында тұрады. 6 науқастан ПТР анализдері вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты сынама алынған. Қалған 2 адамнан ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде оң нәтиже көрсетті.

Қазіргі таңда науқастар ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

 

stan.kz