«Мәңгі бірге болуға серттестім»: Нұрқаділовтің немересі «лесби» сүйіктісімен қалай танысқанын айтты

0
4814
Суреттер: ашық дереккөзінен
Advertisement

Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі Нұрқаділова «лесби» екенін мойындап, бүгінде сүйіктісімен бірге тұрып жатқанын бөлісті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Без фильтров» бағдарламасында айтылды.

Дәл қазір Нұрбибі Нұрқаділова Тоғжан есімді сүйіктісімен бірге тұрады. Ол «Жүрегімді жаулаған ару — менің мәңгілік серігім болып қала бермек» дейді.

«Тоғжан екеуіміз барда таныстық. Бастапқыда маған басқа қыз ұнап жүрді. Алайда артынша Тоғжан мені өзіне қаратып алды. Түрлі сыйлық жасап, соңымнан жүгірді. Жігітке ұқсайды әрі қыз болып көйлек киген емес. Мінезі де тік. Жүзік пен гүл ұсынып, маған сезімі барын білдірді. Онымен мәңгі бірге болуға серттестім», – дейді Нұрбибі.

Сондай-ақ, ол біржынысты отбасыларға заңды некеге тұруға рұқсат беру керектігін алға тартты. Қоғам мұндай некені қабылдамаса да, шетелге көшкісі келмейтінін жасырмады.

«Некені заңдастыруға рұқсат беру керек деп есептеймін. Егер бұл некедегі бір адам ауруханада жатса, екіншісін кіргізбейді. Өмірден өтсе, серігіне ешнәрсе қалмайды. Ол әйелі не күйеуі санатында болмайды. Сол себепті бізге қиын. Мұндай неке заңдастырылу керек деп санаймын», – деді ол.

Нұрбибінің ата-анасы қызының Тоғжанмен тұруына қарсы емес. Әркім өз өмірінің қожайыны деп рұқсат еткен.

«Ата-анама көзқарасым жайлы айтқанымда жақсы қабылдады. Егер шын қаласаң, өзің біл деді. Ата-анам — көзі ашық жандар. Бала күнімнен маған жігер беріп өсірді. Тоғжанмен араласады. Бірге тұруымызға қарсы емес. 10 жасар ұлым «Тоғжанды сүйесің бе?» деп сұрап қояды. Бірақ ол кішкентай. Әлі сезім туралы білмейді», — деді Нұрбибі.

Тоғжан екеуінің некесінде Нұрбибі екеуі қызметті тең атқарады.

«Шамамыз келгенше ақша табамыз. Үйді бірге жинаймыз. Мен тамақ жасаймын. Ол ауыр жұмыстарды істейді. Күші көп», — деді Нұрбибі.

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз