Ақмола облысында 400 мектеп қалыпты жағдайда жұмыс істей бастайды

0
185

Өңірде екінші тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі 400-ден астам мектепті дәстүрлі жұмыс режиміне ауыстыру жоспарланып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтің айтуынша, 35 мың оқушысы бар облыстың 416 мектебі дәстүрлі жұмыс форматына, 56 мың оқушысы бар 139 мектеп қашықтықтан оқытуға көшеді.

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10 қарашадағы жарлығына сәйкес және 1-5 сыныптардағы ата-аналардың өтініштері бойынша 2936 кезекші топтар ұйымдастырылып, онда 38 мыңнан астам оқушы оқиды.

Бұл топтар Көкшетау, Степногорск, Жақсын, Атбасар, Бурабай аудандарындағы мектептерінде. Кезекші сыныптар 1-сыныптарда 826 оқушыны қамтитын болады, 2 сыныптарда – 711, 3 сыныптарда – 665, 4 сыныптарда – 592, 5 сыныптарда – 142.

Бүгінгі күні білім беру ұйымдары санитарлық қауіпсіздік құралдарымен және дезинфекциялау құралдарымен жабдықталған. Пирометрлер, зарарсыздандырғыштар, дезинфекциялық төсеніштер, бактерицидтік шамдар, маскаларды жоюға арналған қоқыс жәшіктері бар, деп атап өтті спикер.

Айтпақшы, үстіміздегі жылдың 13 қарашасындағы жағдай бойынша облыста лабораториялық расталған COVID-19 жағдайы мектеп оқушылары арасында 19, мектеп мұғалімдері арасында 7 жағдай, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілері арасында 9 жағдай, мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері арасында 6 жағдай тіркелді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз