«Мен екінші әйел емеспін»: Бекболаттың су жаңа келіні атышулы мәлімдеме жасады

0

Экс депутат Бекболат Тілеуханның інісі Мейрам Тілеухан жақында ғана Ресейден келген визажистке үйленген болатын. Оның жаңа жары туралы не білеміз?

Бұл туралы kznews.kz сайты caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мейрам Тілеухан қоғам белсендісі Тоғжан Қожалиевамен ажырасып, су жаңа әйелін көрсетіп елді таң қалдырды. Ол 25 жас София Кляйнға үйленді. Тілеуханның су жаңа келіні Ресейдің Саратов қаласында тұрып келген, әкесі неміс болса, ал анасы қазақ.

София әлеуметтік желідегі парақшасында оның тоқал емес екенін, Тілеуханның су жаңа жары екенін айтты.

«Мен екінші әйел емеспін. 17 қыркүйек танысып, 18 қыркүйек маған үйленуге ұсыныс тастады. 22 қыркүйек күні никях болды. Бір күнде бірдеңені құрту мүмкін емес», — деді София.

Мейрам Тілеухан 38 жаста, ал жары 25 жаста. Софияның пікірінше ондай жас аралығында ештеңе жоқ, керісінше жұптар арасындағы бұл мінсіз жас екенін айтты.