Мемлекеттік қызметшіге үш рет отқан полицей іздестіріліп жатыр – Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атқан полицей іздестіріліп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті облыстың полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, Панфилов ауданының полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, жергілікті полиция қызметінің бастығы, сондай-ақ осы ауданның патрульдік полициясының екі полицейінің парақорлық фактісін анықтады. 

pistolet

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

«Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша бұрын алынған 2491 дана ондатр терісін қайтару үшін жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алуда күдікті деп танылды. Тергеу жалғасып жатыр», – деді агенттік өкілі.

Оның айтуынша, қылмыс үстінде ұсталған патрульдік полицей қызметкрелерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына үш рет оқ атқан.

Оқиға кезінде үш қызметкер қылмыс орнынан бой тасалаған. Аталған факті бойынша Панфилов ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 3-бөлігі, 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі өндірістің іс тіркелді. Қазіргі таңда бой тасалаған тұлғалар іздестіріліп жатыр.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз