Қатерлі ісікке шалдықтыратын тағам: қызыл ет

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ғалымдар күнделікті жейтін тағамның қатерлі ісік тудыратынын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Қызыл ет (сиыр, шошқа және қой еті) пен өңделген етті аз мөлшерде болса да, күнделікті жеу ішек қатерлі ісігіне шалдығу ықтималдығын арттырады, деп хабарлады Оксфорд университетінің зерттеушілері. Ғылыми жұмыстың қорытындысы International Journal of Epidemiology журналында жарияланған.

Қатерлі ісікке шалдықтыратын бес сусын

Зерттеу алты жылға созылыпты. Ол үшін мамандар 500 мың науқас туралы деректер жинаған. Белгілі болғандай, ғылыми жұмыс басталған кезде 40-69 жаста болған адамдар арасында 2 609 рет ішек қатерлі ісігі тіркеледі.

30-дан асқан соң жеуге болмайтын 10 тағам

Зерттеушілер қол жеткізген нәтижелерге сүйенсек, күніне 76 грамм қызыл немесе өңделген ет жегендердің онкологиялық ауруға шалдығу қаупі 21 грамм немесе одан аз мөлшерде ет жегендерге қарағанда 20 процентке жоғары болған.

Темекі тастағанда адам ағзасында не болады?

Сонымен қатар, күніне 54 грамм қызыл ет жегендердің арасында ракқа шалдығу қаупі 8 грамм жегендерден 15 процентке жоғары болған. Ал күніне 29 грамм өңделген ет жейтіндерде қатерлі ісікпен ауру ықтималдығы 5 грамм жейтіндерден 19 процент жоғары болыпты.

Қазақстандағы қатерлі ісік дерті

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар арасында сүт безі, өкпе және асқазан обыры кең таралған.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда қатерлі ісік диагнозымен 181 000 пациент диспансерлік бақылауда тұр.

2018 жылы 35 753 адам алғаш рет есепке алынған, оның 44,3%-і – ерлер және 55,7%-і – әйелдер.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз