«Мектепте істеуге моральдық құқығым жоқ». Дүкендегі төбелестен кейін Назарбаев мектебінің ұстазы жұмыстан кетті

0

Назарбаев зияткерлік мектебінде өнерден сабақ берген Гүлжан Құсниярова
әкімшілік сот оны «Жемчужина» жеке клиникасының (№5 емхана) дәрігері Диана Ахметоваға дене жарақатын салғаны үшін кінәлі деп тапқаннан кейін жұмыстан кеткен, деп хабарлайды ng.kz сайты.

НЗМ директоры Думан САПАКОВ ұстаздың жұмыстан өз еркімен кеткенін айтты.

«Бұл оқиғадан өткен жылдың қараша айында хабардар болдым», — деді ол. — Гүлжан Құсниярова бұл үшін қатты алаңдады. Ол жақсы педагог, бізде 6 жыл жұмыс істеді. «Наша газетада» сот процесі туралы материал шыққаннан кейін мен барлық пікірлерді оқыдым. Жағымды нәрсе аз болды. Гүлжан Құсниярова маған келіп, болған оқиғадан кейін біздің мектепте жұмыс істеуге моральдық құқығы жоқ екенін айтты. Қазіргі уақытта мен оған жұмыстан босату туралы өтінішке қол қойдым. Жағымсыз оқиға болды, мұғалім жұмысынан айырылды. Бірақ кәсіби және корпоративтік этика бар, оны сақтау керек.

Думан Сапаков сонымен қатар ұрыстың қатысушысы болған өнер мұғалімінің анасы Асма Исмағамбетова ешқашан НЗМ-де жұмыс істемегеніне тоқталды. «НГ» анықтағандай, жалған ақпаратты сот берген. Асма Исмағамбетова қазір зейнетте.

Жағдайды №5 емхананың бас дәрігері Олег Мелишенко да түсіндірді.

«Әрине, біз бей-жай қарай алмадық», — деді ол.

«Оқиғаның бүге-шүгесін дәрігермен жеке және планерка кезінде де анықтадық. Бізде корпоративті институт бар, біздің клиникада дәрігерлер өздерін дұрыс ұстауы үшін коммуникабельділікті үйрететін қызметкерлермен жұмыс жөніндегі менеджерлер бар. Жұмыстан тыс уақытында дәрігер өзін әртүрлі ұстай алады, оны ашуландыратын түрлі жағдай болуы мүмкін. Бірақ, әрине, ұжым ішінде біз бұл істі талқыладық. Дәрігерге қатысты қабылданған шешімдер туралы ешқандай түсініктеме бермеймін. Себебі бұл біздің клиниканың ішкі мәселесі, — деді Олег Мелишенко.

Гүлжан Құсниярова мен Диана Ахметова арасындағы оқиға 2020 жылдың 15 қарашасында Әуежай шағын ауданындағы «Первый продуктовый» дүкенінің кассасында орын алды.

Кикілжің төбелеске ұласты. Ұзаққа созылған қақтығыс 4 ақпанда қабылданған үш әкімшілік істің себебі болды. Гүлжан Құсниярова мен оның анасы Асма Исмағабетова дәрігерге дене жарақатын салғаны үшін кінәлі деп танылды. Диана Ахметова ұсақ бұзақылық (әдепсіз сөз) үшін кінәлі деп танылды.