«Шындықтың жолында жанын берген». Қызы Заманбек Нұрқаділов туралы әсерлі видео жариялады

0

Өмірде екі жақсы адам болса, соның бірі – сенің әкең!

Марқұм Заманбек Нұрқаділовтың қызы Мерей Заманбекқызының әкесі екеуі түскен суреттер желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желідегілердің жазуынша, Мерей бала кезінде әкесімен бірге түскен суреттерін жинақтап әсерлі видео жасаған. Әлгі видеоны көрген көпшілік Заманбек Нұрқаділіовті мақтай жөнелді. Оның адамгершілігі мен кісілік келбеті жайлы жылы пікір білдірді.

Мәселен олар: “Сенің әкең жақсы адам”, “Өмірде екі жақсы адам болса, соның бірі сенің әкең!”, “Өте жақсы кісі”, “Алтынның сынығысың, әділдік, шындық жолында жанын берген үлкен азаматтың қызысың. Иә, сенің әкең, сенің әкең жақсы АДАМ”, “Өте жақсы адам әкең қызым қазақтың асыл азаматы еді ғой. Маңдайға сыймады ғой. Жаны Жәннатта болсын!”, – десті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KAZ STARS (@kaz.stars)

Ал желі қолданушыларының кейбіреуі Мерейге жақсылық тілеп, “Мерей, аман жүрші” Мақпалжан Мерейдің қызығын көр жаным. Заманбек ағамыздан аумай қалған. Ол кісіге Алла иман баилығын берсін”, – деп жазды.