Мектеп оқушылары ақын Әділет Ахметұлымен шығармашылық кездесу өткізді

0

9 қараша күні Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкері, ақын Әділет Ахметұлы мектеп оқушыларына кітап, кітапхана, сирек кітаптар, Абай мұралары және өзінің жеке шығармалары туралы қызықты дәріс оқып берді.

Алматы облысы Іле ауданы Көкқайнар ауылы № 44 орта мектеп 9б сыныбының сынып жетекшісі Бексаутова Салтанаттың ұсынысымен жүргізілген бұл кездесу сұқпаты онлайн форматта өтті. Қызықты тақырыптарда құнды мәліметтермен жас буынды үйіріп әкеткен Ә. Ахметұлына оқытушы, оқушылар дән риза.

Ақын қызықты сауалдарға жауап қайтарған өспірім оқырмандарына өзінің «Әділет» атты жыр жинағын ұсынды. Сондай-ақ, жеткіншек оқырмандармен келесі кездесуде Ғылым ордасындағы кітапхана, музейлермен танысып, ғылымның таңғажайыптарын тамашалаймыз деді.