Талғар қаласындағы өрттен үш адам қаза тапты

0

10 қараша сағат 03.40-та Алматы облысы ТЖД-не Талғар қаласында жеке сектордағы үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы дереу жіберілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрттің өршуін тудырады: Министр елордадағы тұрғын үйлердің қауіпті екенін айтты

Ер адам аборт жасаудан бас тартқан сүйіктісін тірідей өртеп жіберген

«Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй (көлемі 5х8) толығымен өртке оранған. Сондай-ақ үй төбесінің жабындысы құлағаны анықталды. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өрт сағат 04.06-да оқшауланып, сағат 04.50-де толығымен сөндірілді. Көлемі 40 шаршы метрді құрады. Өрттің тұтану себептері анықталуда», — дейді ол.

Алматы облысы ТЖД азаматтардан тұрғын үйлерде өрт болдырмау үшін тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Еске салайық, осыған дейін Қостанай облысында аурухана өртеніп кеткені туралы хабарланған болатын.

Stan.kz