Мас жүргізуші төрт оқушыны қағып кетті: Тоқаев жол апатын тергеуді өз бақылауына алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алатын болды. Бұл туралы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр.
Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі», — деп жазды Берік Уәли.
Еске салсақ, бүгін Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті.