Марат Башаров екінші әйелін де аяусыз соққыға жыққан (фото) — новости Казахстана

0

Марат Башаровтың екінші әйелі Елизавета Шевыркова да тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Актердің әйелдерге қол көтеретін әдеті бар екені баршаға мәлім, бірақ екінші некесінде осы күнге дейін бәрі «тыныш» сияқты көрінген деп жазады Starhit сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

GLOBALLOOK

Фото:GLOBALLOOK

Зорлық-зомбылық туралы ақпаратты жәбірленушінің бауыры хабарлаған. Оның сөзінше, Марат Башаров Елизаветаның мұрнын бүгін, 27-ші желтоқсан күні сындырған.

Қазір актердің әйелі ауруханада.

starhit.ru

Фото:starhit.ru

Елизавета бауырының сөзінше, бұл актердің жұбайына алғаш рет қол көтеруі емес.

Өткен жылы Елизаветаны травмоталогия бөліміне қол жарақатымен түскен. Ол жолы бұл туралы ешкімге хабарланбаған. Бұл жолы Елизавета шындықты жасырмауға бел буған.

Лизаның сөзінше, Башаров мейірімді, қамқор әке.

Айта кететін жайт, Марат Башаров бұрынғы әйелі Екатерина Архароваға да қол көтерген. Ол оның да мұрнын сындырған, бірақ келіншек актерді аяп, полицияға шағымданбаған.

starhit.ru

Фото:starhit.ru

Ол жолы Башаров жазадан құтылып кеткен болатын. Бірақ басылым әріптестерінің оны сынағанын жазған.

Еске сала кетейік, Марат Башаров соқысынан 2014 жылы Екатерина Архарова комаға түскен болатын.