Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды


Қостанай, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. 28 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

28 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, әуелі оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын жел екпіні 9-14 м/с дейін жетеді, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін барады. 28-30 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, көктайғақ болады.