Мақтааралдағы төтенше жағдай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастарға қалай әсер етеді — Қазақстан жаңалықтары

0

Неліктен Қазақстан Өзбекстанға нота жібермейді? Бұл туралы саясаттанушы Аркадий Дубновпен айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

Саясаттанушының айтуынша қазақстандық медияның бұл жағдайға үгіт-насихатқа берілмей, жауапкершілікпен қарауы өте орынды. Себебі, техогендік апат көрші елдің жасаған қастық ісі емес, өйткені олар да бұл жағдайға дайын болмаған. Алайда, қазақстандық шенеуніктердің арасында басқа пікірдегі адамдар да жетерлік, өйткені бұл апат бірінші кезекте Қазақстанға үлкен зардап тигізді.

«Мен Қазақстан тарапының бұл идеяны, дипломатияда айтқандай, нота жіберу ниетінен бас тартқанына қуаныштымын, өйткені екі елдің ынтымақтастығына келетін қауіптер әлдеқайда маңызды және елеулі, сондықтан бүгін менің ойымша, соңғы жылдары өте тиімді достық-ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан көршілес екі мемлекет үшін бұл қарым-қатынастарды нашарлатуға болмайды және керісінше инфрақұрылымдық ынтымақтастықты жолға қою керек», — дейді саясаттанушы. 

«Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасында су туралы даулар бірнеше рет болған, сіздің ойыңызша, Өзбекстан қауіпсіздік мәселелерін зерделеу үшін Қазақстанға шекаралас су нысандарына кіруге рұқсат бере ме», — деген журналистің сұрағына саясаттанушы балый жауап берді.

«Менің ойымша, мәселе тек Өзбекстанның суға қол жетімділікті қамтамасыз етуінде емес. Бұдан өзге де мәселелер өзара тиімді түрде шешілуі керек деп ойлаймын, өйткені Өзбекстанның да Қазақстанға деген шағымдары бар. Мұндай мәселелер өзендердің шекарада жұмыс жасауы мен оларды ұқыпты пайдалану кезінде болады. Мен Орталық Азияны зерттеумен Кеңес Одағының таралуынан бастап айналысып келемін. Соңғы жылдары осы аймақта біртұтас кеңістік, оның ішінде экономикалық кеңістік құруға ұмтылыстар болғанын байқап жүрмін. Өз былығын жасыруға деген ұмтылыс үшін шенеуніктер көрші елге жауапкершілікті итеріп тастағысы келеді, бірақ осындай әрекеттерді қабылдауға болмайды. Бұл апаттан өзбектер өте ауыр сабақ алды, өйткені оларда адам өлімі болды, басшылық өте дәл және батыл шешімдер қабылдады, президент екі рет апат аймағына ұшып барды, сондықтан менің ойымша, біздің үкімет қатаң шаралардан бас тарту керек», — деп баса айтты саясаттанушы.

Сонымен қатар Аркадий Дубнов осыдан екі күн бұрын Әзірбайжан елінің Қазақстанға жіберген нотасы жайлы айта кетті. Қазақстан шекарашыларының әзірбайжандық балықшыларды атып өлтіргені екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді, сондықтан адам өмірінің бағасы осы жарлықтардан әлдеқайда жоғары болуы керек дейді саясаттанушы. 

 

 

stan.kz