Қазақстанда 7 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Аңдатпа

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Sputnik Қазақстан 7 – 10 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

7 мамырға жоспарланған шаралар

09.00 — Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулдығымен бірлесіп дайындаған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Алматыдағы мәдени эвакуация» дәрісі (Консулдықтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында трансляция жасалады).

12.00 — Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Бибіткүл Әбірова дайындаған «Кимешек ұлттық бас киімін түрлендіру» онлайн-дәрісі (Музейдің Facebook-тегі ресми парағындағы трансляция жасалады).

12.00 — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ресей Федерациясы Достық орденінің иегері Наталья Косаченкомен тікелей эфир (Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының @gorkytheatre_ns Instagram парақшасында трансляция жасалады).

19.00 – «Астана Опера» театры труппасының орындауындағы Густав Малердің №8 симфония концерті (Tengrinews TV-да трансляция жасалады).

20.00 – «Астана Балет» театры сахналайтын «Ұлы дала мұрасы» бағдарламасының онлайн трансляциясы (Трансляция @astanaballet парақшасында).  

8 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 — Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің ғылыми қызметкері Виолетта Вологотская дайындаған «Суретші Павел Кузнецовтың шығармашылығы» бейне дәрісі (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

15.00 – Жеңістің 75 жылдығына орай Sputnik Қазақстан сайтында «Нұркен Әбдіров. Ұлдарымның ішіндегі кенжесі» деректі фильмінің онлайн көрсетілімі өтеді. «Қазақфильм» киностудиясының бұл туындысында 1942 жылдың желтоқсанында әскери тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан ұшқыш Нұркен Әбдіровтің ерлігі баяндалады. Ол өзінің жалын шарпыған Ил-2 ұшағын фашистердің әскери техникасы шоғырланған тұсқа қарай бағыттап, ерлікпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. «Нұркен Әбдіров. Ұлдарымның ішіндегі кенжесі» деректі фильмі халықаралық фестивальдерге қатысып жатқандықтан, фильмді бір тәулік ішінде ғана көруге мүмкіндік бар (фильмді Sputnik Қазақстан сайтында және Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің YouTube арнасында көруге болады).

19.00 – «Астана Опера» театрының труппасы орындайтын «Мадам Баттерфляй» операсы (Tengrinews TV-да трансляция жасалады).

22.00 – Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған #Мәңгілікалау #Вечныйогонь акциясы өтеді. Акцияны ұйымдастырушылар жұртты флешмобты қолдауға – сағат 22.00-де үйдің балконына шығып, ұялы телефондардың шамын жағуға шақырады. Сондай-ақ, елорданың негізгі көрікті жерлерінде бірлік пен соғыс батырларын есте қалдыру символы ретінде Мәңгілік алау бейнесі жанады.

9 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 – Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкерлері Жеңіс күніне орай дайындаған виртуалды көрме. Музей қорынан алынған графикалық, бейнелеу және мүсін туындылары жұрт назарына ұсынылады (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

14.00 – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қазақстандық суретші Анатолий Горовых туралы видео дәріс, оны суретшінің немересі, Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Ольга Горовых оқиды (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).   

17.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің музыканты, суырып салма ақын, домбырашы Андрей Фендриковпен бірлесе дайындаған, Жеңіс күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламасы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

18.00 – «Астана Опера» театры труппасының орындауындағы Бетховен-Бессмертие-Любовь» балеті (Tengrinews TV-да трансляция жасалады).

20.00 – «Астана Балет» театры сахналайтын «Жусан» бір актілі балетінің онлайн-трансляциясы (Трансляция @astanaballet парақшасында).

10 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 – Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Наталья Баженова өткізетін «Бисероплетение» бейне сабағы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

18.00 – «Астана Опера» театры труппасының орындауындағы «Кармина Бурана» кантатасы (Tengrinews TV-да трансляция жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz