«Мақсат орындалды»: Түркия Иракта әскери операция бастады

0
544
ALEPPO IDLEB ROAD, IDLEB, SYRIA - 2019/03/08: Fleet of armored vehicles seen during the patrol. The Turkish army begins its first patrol around the Syrian border in the demilitarized zone between the control points with a number of armored vehicles. (Photo by Mohamad Saeed/SOPA Images/LightRocket via Getty Images)

Түркияның қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмыс партиясының (КЖП) содырларына қарсы жаңа әскери операция бастады, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы түрік Anadolu ақпарат агенттігі хабарлайды. Оның айтуынша, операцияға арнайы жасақ пен әуе күштері жұмылдырылған.

Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, ұшақтар КЖП-ның баспаналарына, бункерлеріне, туннельдеріне, үңгірлеріне және қоймаларына сәтті шабуыл жасаған.

«Операция жоспарланғандай сәтті жалғасуда. Бірінші кезеңде алға қойылған мақсат орындалды… Біз 40 жылдан бері елімізді мазалап келген лаңкестік індеттен асыл ұлтымызды аман алып қалуға бел будық. Біздің күресіміз тайға таңба басқандай жалғасады. Соңғы лаңкес залалсыздандырылды», – деді министр.

Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясымен қарулы қақтығыс 1984 жылы басталып, 2015 жылы қайта жалғасты. Ирактың солтүстігінде Түркия қарулы күштерінің әуе және құрлық операциясы жүргізетін КЖП базалары бар. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұған дейін 2015 жылдың шілдесінен бері ел ішінде КЖП-ның 6 мың мүшесі және шетелде 6,9 мың мүшесі жойылғанын айтты. Түрік қауіпсіздік күштері 1,2 мыңнан астам адамынан айрылды.