Home Жаңалықтар Маңғыстаудағы қуаңшылық мәселесін шешуге 204 миллион теңге бөлінді

Маңғыстаудағы қуаңшылық мәселесін шешуге 204 миллион теңге бөлінді

1
116

Маңғыстау облысындағы малдардың жаппай қырылуына байланысты қуаңшылық мәселесін шешуге облыс бюджетінен 204 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Өңірде жедел штаб құрылып, жем-шөп дайындау жұмыстары қолға алынды. Қазір малға азық жеткізу басты мәселеге айналған. Осыған орай, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарымен келіссөздер жүргізілген. 15 маусымнан бастап жем-шөп жеткізіледі.

«54 миллион теңгеге қазір 630 тонна арпа азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы бөлінетін болып жатыр. Дәл қазіргі уақытта соны сатып алу рәсімделуде. Енді келесі аптаға дейін сол арпаны темір жолмен жеткізу мәселесі шешілетін болады», – деді ҚР АШМ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов.

Айта кетсек, өңірде қуаңшылықтан соңғы бірнеше айда 536 жылқы қырылыпты. Қазір жалпы шығын есептелуде. Нәтижесі 2 апта ішінде белгілі болады. Соған сәйкес тиісті ұсыныстар енгізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстауда жылқылардың жаппай қырылғаны жайлы айтылған еді.