Президент Қырымның Ресейге қосылуына қатысты пікір білдірді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

5-6 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия федеративтік республикасына ресми сапармен барады

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан Қырымның Ресейге қосылуын басқындық деп санамайды, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Біріншіден, біз Қырымдағы жағдайды аннексия деп айтпаймыз. Болғаны болды. Аннексия cөзін Қырымға қатысты қолдану тым ауыр болады деп ойлаймын», — деді Тоқаев Германияға сапары барысында Deutsche Welle –ге берген сұхбатында.

Тоқаев Ресей мен Қазақстан көршілес сенімді серіктес ретінде байланыс орнатқанын атап өтті.

«Екіншіден, сіз айтқандай ешқандай қорқыныш болған жоқ. Біз Ресей басшылығының көрегендігіне сендік», — деді Тоқаев.

2014 жылдың наурыз айында өткізілген референдумнан кейін Қырым Ресейге қосылған болатын.

Тоқаевтың Германияға сапары

Биылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия федеративтік республикасына ресми сапармен барады.

Сапар барысында канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі. Қазақстан және Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қарастырылады деп жоспарланған.



sputniknews.kz