Мәдина Сәдуақасованың күйеуі: Менде ешқандай тоқал болмайды

0
1139
Сурет: instagram.com/sadvakasovamadina/?hl=ru

Әнші Мәдина Сәдуақасова өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Әнші инстаграм желісіндегі парақшасында оқырмандары қойған сұрақтарға барынша жауап берді.

Соның ішінде «Күйеуіңізге тоқал алуға қалай қарайсыз» – деген оқырман сұрағы болатын.

Мәдина:

Жолдасым маған «Маған ешқандай тоқал да, қыздар да, әйел де болмайды» – деген еді. Сізге не деп жауап беруді білмей тұрмын, – деп жазды. 

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана отбасы құрғандарына жеті жыл толған жұп, бұл айтулы күнді Алматы қаласының ең биіе ғимаратында атап өткнн болатын. Қазіргі таңда Әнуар есімді 6 жасар ұлдары бар.