Сәуле Әбілдаханқызы: Бізде бес мың үшін тыржалаңаш дүкенге де келген

0
709
Фото ашық дереккөзден алынды

Қайбір жылы ҚазҰУдың маңайында «тегін донер» деген алақандай қағаздағы жарнамаға тайлы-тұяғымен жиналған халық бірін-бірі таптап, боқтап, тіпті, бір адам тапталып өлген бе еді, әлде ауыр халде ауруханаға жеткізілген бе еді?..

«Тыржалаңаш дүкенге келген адамға 5 мың теңгенің затын береміз» дегенде ондаған адам жалаңаштанып, «секси» фигураларымен дүкен аралап жүрген күнді де көргенбіз…

Тегін палау – ол есте… айдалаға он мыңдап адам жиналған… Әншейінде бәнді атарға оғы болмай, сыртынан жек көріп жүретін қазақ бөкеңнің тегін палауын жеу үшін қаладан, даладан, ауылдан сонау көкпар алаңына жаяулатып сабылған еді…

Осы түрімізбен «Мәңгілік ел» деп көкірек кереміз…

«Мәңгілік ел» болу үшін алдымен жүйеңнің ұры-қарлығын тоқтат, халқыңның көзін аш, көкірегін оят, сауатын арттыр, рухын жаны, өлген намысын тірілт, ғылым-білімді дамыт… содан кейін «Мәңгілік ел» туралы әңгіме айт, нән ата…