Мәдина Сәдуақасованың әкесі: Қызым өмірге келгенде жаялығын өзім ауыстырып, өзім бақтым – Қазақстан жаңалықтары

0
1

Мәдина Сәдуақасова әкесінің қызы. Өзінің бала күнінен әкесіне өте жақын болып өскенін айтады. Әншінің ата-анасы алғаш рет ел алдына шығып, сұхбат берді.

Бұл туралы Дастархан бағдарламасында айтылды.

Бақытжан Сәдуақасов қызы өмірге келгенді балаша қуанғанын айтады. 8 қыркүйек өміріндегі ең ыстық күндердің бірі. Бұл күні Мәдина өмірге келді. 

«1979 жылы 8 қыркүйекте Мәдина өмірге келді. Ол кезде мен балалардың тіс дәрігерімін. Мәдина тұңғыш қызымыз. Оның жаялығына дейін дайындап қоятынмын. Ылғи өзіммен алып жүрдім. Есімін менің анам қойды. Мекке Мәдина болсын деп ниет етті», – деді әкесі.

«Кейде менен жұмыстан келген соң сұрайды Мәдина далаға шықты ма? деп. «Шықпаған болса ерінбей серуендетіп, бірге кіретін. Басқа жұмысыңды ысырып қойып, балаға көңіл бөлу керек деп отырады. Мәдина тұңғыш баласы болғандықтан ба өте жақын болды. Есейгенше бар айтқанын істеді. Балаға өте жақын адам», – деді Мәдинаның анасы әншінің әкесі жайында. 

Мәдина ханым әлі күнге дейін өзін әкемнің қызымын деп таныстырады. 

«Мен әлі де еркемін. Әлі де еркелеймін. Өзімді бала секілді сезінемін. Бірақ әкем гигиеналық талапқа жатпайды деп балалардың бетінен сүймейді. Мені де бар еркелеткені басымнан сипағаны»,- деді әнші.


Роза Рымбаева: Мадина Сәдуақасоваға көйлек таппай қалып, мен концерт арасында үйімнен өз көйлегімді әкелгем


 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз