Ләйлә Сұлтанқызы: Ақша жеткізбейді, жұмыстың түбі көрінбейді. Одан да өзіңе көңіл бөл!

0

Ләйлә Сұлтанқызы неге көгілдір экраннан көрінбей кеткенін түсіндірді.

«Эфирден көрінбей кеттіңіз дейсіздер ғой. Аракідік сьемкалар болып тұрады. Бірақ бұрынғыдай қайнап жатқан жұмыс жоқ. Журналистикадан сәл демалыс алғандаймын. Әр нәрсенің өз кезеңі, маңызды тұсы, құндылығы асып тұратын кезі болады. Бес-он жыл бұрынғы ритмді есіме түсірсем, денем дір ете қалады. Бес-ақ сағат ұйқы, бітпейтін жиналыс, жоспар орындау, тікелей эфирлер.

Адам бұлардан да қажиды екен. Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын. Ал, сол кездерде бәрі солай болу керек, солай дұрыс боп көрінген еді. Қазір ше. Мүлде басқаша бәрі. Қазір дәл осы сәттің қайта оралмайтынын түйсіндік. Өмірім, денсаулығым, ресурсым қымбат мен үшін. 40-тан асып босанған құрбым айтса айтқандай. 70-ке қараған шақта ұлым үйленетін болса, құдағиым 40-тарда болса, оның қасында «кемпір» боп тұрғаным ұят қой. Ақша жеткізбейді, жұмыстың түбі көрінбейді. Одан да өзіңе көңіл бөл!

Денсаулыққа қарап, көңілім әрдайым көктем болуына көмектесу керек. Спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, косметологқа бару арқылы өзіңді күтіну керек. Адамда «до/после» болу керек шығар, әсіресе әйелдерде. Мың жерден мықты маман болсаңыз да, сіздің жасағаныңызды басқа да жасай алады. Бәрі өз уақытында болу керек. Жұмыс. Үй. Отбасы. Достар. Жастық. Бастық. Бәрінен бұрын сіз өзіңізге керексіз, Әйел» , — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.