Ләйлә Сұлтанқызы 500 мың теңге сыйға тартқан әзілкеш кім?

0

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы елордалық әзілкештің өнеріне тәнті болып, оған өз қалтасынан 500 мың теңгені сыйға тартқан. БАҚ өкілінің асқан жомарттығы туралы КВН жұлдызы Ақболат Өтебай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ сайты.

Ақболат Өтебай әлеуметтік желіде видео жариялап, кезекті КТА ойындары кезінде орын алған жағдайды баяндады. Оның сөзінше, жоба бойынша қазылар алқасы 1 миллион теңгені ойыншылар арасында бөліп беру керек болған. Алайда Ләйлә Сұлтанқызы елордалық мұғалімнің өнеріне аса қатты тәнті болып, оған мотивация ретінде өз қалтасынан 500 мың теңгені тарту еткен. «Кеш жарық. Көңіл тапқырлар алаңын жүргізіп болдық. Оның жүйесі өзгерді. Миллион теңгені қазылар алқасы командалар арасында бөліп, ұнатқан командаларға ұпайдың орнына ақша таратып беретін болды. Осылайша өзгеріп жатыр. Бүгінгі ойында Ләйлә Сұлтанқызы шоу жасады. Жанағы ақшадан бөлек өз жеке қалтасынан Арман есімді әзілкешке мотивация ретінде 500 мың теңгені сыйлады», — деді ол.

Артынан Ақболат Өтебай Ләйлә Сұлтанқызының сөзінде тұрып, ақшаны аударғанын көрсетті.