Мұхамеджан Тазабек Тоқаевқа жаңа өлең арнады

0
110
qazaqadebieti.kz

«Talim TV» телеарнасының директоры, ақын Мұхамеджан Тазабек референдум мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап өлең шығарды, — деп жазады Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Өлеңді Тазабек өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Азанмен әтірленіп, кофелендім,

Елімде боп жатқасын референдум.

Шет жатқан үш жүз шақырым Боржомиден,

Тифлиске такси жалдап, жеке келдім.

Елшілігің болғаны қандай жақсы,

Қасқайып қаласында бөтен елдің!

Көк Ту мен Елтаңбаның ортасында,

Таңдау жасап, ісіне көкелердің.

Тарихи бұл жиынға біз бармасақ,

Тағдырын ертеңгі елдің көтерер кім?!

Референдум шешімі хайырлы боп,

Бағы ашылсын, болашақ бөпелердің.

Береке тапсын барлық бастамасы,

Тоқаевтай байламы бекем ердің!» делінген Мұхамеджан Тазабектің өлеңінде.

Сонымен қатар, Тазабек өз жазбасында Грузия астанасы Тбилиси қаласында референдумге дауыс берген фотосуреттер және видеолармен бөлісті.