Қазақстандағы облыс әкімдіктерінің бірі адам саудасы фактісі бойынша тергеліп жатыр

0
82
kaz.tengrinews.kz

Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адам саудасы фактісі бойынша «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адам саудасы фактісі бойынша «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Олар облыстағы әлеуметтік мекемелердің бірінде мемлекет қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азамат М.-ны Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатта тегін жұмыс күші ретінде пайдалануға жіберді деген күдікке ілінді», — деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Күдіктілердің бірі сот санкциясымен үйқамаққа алынды.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтерді жарияламады.