«Күн туғанда шалқып жүруі орынсыз». Блогерлер қымбат көлік мінген шенеуніктерге шүйлікті

0

Блогерлер Ринат Қыбраев және Валерий Кудрявцев Түркістан облысында шенеуніктер мініп жүрген қымбат көліктерге шүйлікті.

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент қаласын осыдан бір жылбұрын су басқан. Блогерлер қала әкімдігінің алдындағы қымбат көліктерге назар аударған. Сондай-ақ, олар халық ақшасының қайда жұмсалғанын білгісі келеді.

«Әкімдік — халық қызметшілері әрі қазақстандықтардың қиындықтарын шешумен айналысатын атқарушы билік. Дәл осылай ел басына күн туғанда әкімдіктегілердің қымбат көлік мініп, шалқып жүруі орынсыз. Төлеп жүрген салығымыз шенеуніктердің ыңғайлы орынмен қамтамасыз етілуіне жұмсалғанын қаламаймыз», — деді блогерлер.

Сөз соңында видео авторлары шенеуніктерге қарапайым көлік мінуге кеңес берді.