Ақтөбеде әйел қабырғаларын сындырып, миын шайқалтқан күйеуін босатуды сұрады

0

Ақтөбе қаласында отағасы белгісіз адам жіберген смс-хаттар үшін әйелін соққыға жықты. Күйеуі сабаған соң, миы шайқалып, қабырғалары сынып, өкпесіне зақым келген. Денсаулығына осыншама зиян келгеніне қарамастан, әйел соттан күйеуін жазаламауды сұрап отыр.

Сол күні мас болған ер адам әйелінің телефонынан бейтаныс адамның хатын көргенін айтады. Ұрысып жатып әйел адам бейтаныс азаматпен 2 мәрте көріскенін тілге тиек еткен. Осыдан кейін күйеуі оны аямай соққының астына алған.

Күйеуінен қорғанбақ болған әйел қолына балтаны алғанмен, оның басы түсіп қалған. Ақырында әйел күйеуінен көршілердің үйіне қашып тынады.

Іс сотта қаралып, әйел жалғыз асыраушысы екенін алға тартқан. Кешірім беріп, соттан күйеуін босатуды сұраған.

56 жастағы азаматтың 3,5 жыл жазасы шегерілді. Алайда ол әрекетін қайталаса, темір торға қамалады.