Күйеуіңіз көзіңізге шөп салып жүр ме? Жауабын бір минутта біліңіз

0

Ерлі-зайыпты арасындағы опасыздықты әшкерелеудің ең қарапайым тәсілі белгілі болды.

Британия елінің The Sun басылымы белгілі TikTok қолданушысы Андреа Лопестің қыз-келіншектерге арналған кеңесін жария етті. Ол «күйеуіңіз немесе жігітіңіз көзіңізге шөп салып жүр ме» деген сауалға тез жауап анықтайтын амал ойлап тапқан.

Оның айтуынша, бұл үшін тек жүн-жұрқа мен шаң-тозаңды жинап алатын жабысқақ желімі бар ролик жеткілікті. Лопес оны кілем үстіне жүргізіп, ондағы шаштарды жинағанын айтады. Енді оның ішінен өзге түсті ұзын шаш тапсаңыз болғаны, дейді ол.

Бұл кеңес желіде вирустық сипатқа ие болып, 2,8 миллионнан астам лайк алып, оған мыңдаған пікір жазылған.