Биылғы қыста қазақстандықтарға қай елдерде демалуға болады

0

Былтырғы жыл туристік бизнес үшін өте күрделі болды. Коронавирус пандемиясы салдарынан ұшу саны әлем бойынша 60% қысқарды, ал саланың жалпы шығындары 500 млрд. АҚШ долларын құрады. Туристік сақтандыру көрсеткіштері де қысқарды. ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, шетелге шығатын туристерді міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының көлемі бір жыл ішінде 53% дейін төмендеді, ал жеке ерікті туристік сақтандыру бойынша  – 56% дейін.

Барлық қиындықтарға қарамастан, 2020 жылдың аяғына таман, кейбір шетелдік курорттары ашылды, ал жергілікті туроператорлардың «ыстық» ұсыныстары пайда болды.

Ашық ақпарат көздерінің мәліметтеріне сәйкес,  Freedom Finance Life мамандары биылғы қыста қазақстандық туристерге қай елдерде демалуға болатынын анықтады.

 300 долларға шетелде демалу

Биылғы қыста ең қолжетімді бағыттардың бірі болып, БАӘ, Түркия, Египет және Гоа (Үнді) танылды. Бір адамға шағылған барудың орташа құны, аталған бағыттар бойынша 370 мың теңге құрайды.

БАӘ. Орташа құны 140 мың теңгеден бастап, 400 мың теңгеге дейін. Бұған кіретіні: 3-4 жұлдызды отельдерде алты күн тұру, тамақтану оған кіргізілмеген. Сондықтан жолға шығу алдында, тамақтанудың және ойын-сауықтың қосымша шығындарын ескеру керек. Шопинг жоспарлаған туристер үшін, сауда орталықтарында маусымдық жеңілдіктер қарастырылған.

Түркия. Бағалары 180 — 600 мың теңге аралығында құбылады. Минималды баға бойынша, үш жұлдызды отельде тамақтанусыз тұру немесе тек ертеңгі ас ішуге болады.  Қымбатырақ ұсыныстар – «бәрі кіргізілген» белгісі бар, бес жұлдызды отельдерде тұру.

Египет. Негізінде, 3-4 жұлдызды отельдерде тұру турлары ұсынылады. Ұшу және 7-10 күнге орналасу құны 200-400 мың теңге құрайды.

ГОА. Бұнда демалу құны 200-400 мың теңгеден басталады. Оған кіретіні, жағажайдан алыс орналасқан екі жұлдызды отельде тұру.

Танзания (Занзибар). Қазақстандықтарды наурыздан бастап қабылдайды, алайда, броньды турға қазір алуға болады. Бару құны 260 мың теңгеден бастап.

900 долларға шетелде демалу

Бұл санатқа Мальдива аралдары, Таиланд, Доминикан Республикасы және Шри-Ланка аралы кіргізілген. Бұл елдерге бару және орналасу, бір адамға шағылғанда,  орташа құны 0,8-1 млн. теңге құрайды.

Мальдив аралдары. Бұл коронавирус кезеңіндегі ең бастапқы қолжетімді туристік бағыттардың бірі. Қауіпсіздіктің және санитарлық шаралардың жоғары деңгейі бұл курортты қазақстандықтар арасында 2020 жылдың жазынан бастап ең танымал еткен. Отельдердің дәрежесіне және бронь алу датасына қарай, Мальдиваға бару турларының қүны 400 мыңнан 1,8 млн теңгеге дейін құбылады.

Таиланд.  Паттайда демалу, ұшу және сегіз күн тұруды алғанда, 600-800 мың теңге. Аралдарда тұру бағасы қымбатырақ –1,5 млн. теңге шамасында.

Доминикан Республикасы. Ұшу, бесжұлдызды отельде тұрып, бір апта демалу 500 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін түсуі мүмкін. Бұдан арзанырақ ұсыныстар да бар. Бірақ, бұл жағдайда Доминиканға ұшу Киев және Мәскеу арқылы жасалады.

Шри–Ланка. Тур құны –  500 мың теңгеден 1,3 млн. теңгеге дейін. Бұл сомаға ең жайлы орналасуды таңдауға болады, оған таңғы ас және кешкі ас кіреді.

Шетелде 1,9 мың долларға демалу

Осы маусымда қазақстандықтар үшін ең қымбатқа түскен демалыс Бали аралында (Индонезия),  Бразилия және Багам аралдарында. Бір туристке орташа құны 1 млн. теңге.

Бали. Қазақстандықтар үшін Индонезия ақпан айында қолжетімді болады. Турдың  минималды құны 7-10 күнге – 550 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін, орналасу жағдайына тәуелді. Барлық орналасу орындарында су алабы және SPA бар.

Бразилия. Туроператорлардың сайттарында, отель деңгейі бес жұлдыздан төмен емес турлар ұсынылады. Оның құны – 0,8-1,5 млн. теңге 8 күнге.

Багам аралдары. Бір адамға шағылан апталық демалыс құны 2,2 млн. теңгеден бастап. Бағасы чартерлік рейстері болмауына, ұшу ұзақтығына және элиттік сервиске байланысты.

COVID-19 пандемисы кезеңінде шетел курорттарында қауіпсіздік шараларын сақтау  

Қазіргі жағдайда, ПЦР-тестті шетелге шығу алдында және оралу кезде жасау міндетті процедураға айналды. Егер демалыс 10 күннен асатын болса, курортта бесінші немесе жетінші тәулікте болуы кезіңінде, кейбір елдерде туристерге аралық тест тапсыру қажет.

Әуежайларда және ұшу барысында, қатаң қауіпсіздік шаралары қолданады: терминал жанында әлеуметтік қашықтық, бетперде және қолғап кию, жолаушылардың дене қызуын және санитайзері болуын бақылау.

Тұрақтау қауіпсіздігіне қатысты, отельдердің ірі жүйелері мен шағын гест-хаустарына қойылатын талаптары күшейтілді. Кейбір елдерде бетперде кию тек отель аумағы мен алаңдарда емес, көшеде кию қажет. Ереже бұзушыларға айыппұл салынады.

Туристерді сақтандыру

ПЦР-тестін тапсыру міндетімен қатар, көптеген елдерде коронавирустан сақтандыру полисі талап етіледі.

«Қазақстанда COVID-19 сақтандырылуға болады. Полис әлем бойынша, 6 ай ішінде қолданады. Оның ережелеріне сәйкес, госпитализация кезінде сақтандыру төлемін алуға болады. Сақтандырылған қайтыс болған жағдайда, төлемді мұрагерлері алады. Таңдалған пакетіне сәйкес, сақтандыру құны  4 900 — 24 500 теңге арлығында құбылады, ал төлемдері, 100 мың теңгеден 5 млн. теңгеге дейін» — деп, түсініктеме берді Freedom Finance Life компаниясында.

Коронавирустан сақтандырумен қоса, туристер МСТ полисін алады (туристерді ерікті медициналық сақтандыру). Ауруға шалдығу, жарақаттану тәуекелінде және шетелдегі жазатайым оқиға барысында, Полистер көкейкесті. МСТ қызмет көрсетуіңдің кең ауқымын қамтиды: госпитализация, трансфер, оңалту және басқа сервис.

МСТ полисі орташа алғанда, 15 евроға түседі (ағымдағы бағамға сәйкес, 7 619 теңге). Бірақ сақтандыру құны – бекітілмеген, ол көптеген факторларға байланысты: турист қай елге барады, бағыты, көлігі қандай және неше күнге шығады, т.б.

Freedom Finance Life компаниясында туристерді шетелде сақтандыру бағдарламасы бойынша, төлемдері 10 — 100 мың евро құрайды.