Күдебаевтың елден қашуына көмектескен төрт азамат тергеліп жатыр

0

Көрші республиканың Әскери прокуратурасы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Серік Құдебаевқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Ол Қырғызстандағы «Манас» әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен.

24.kg сайты хабарлағандай, құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, Шекара қызметінің әскери қызметшісі КҮДЕБАЕВТЫҢ Қырғызстан аумағында болуын заңдастырған.

«Қазір бұл іс бойынша төрт адам тергеуден жатыр. Олар Бішкектің тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала ақпарат бойынша, қатысушылардың бірі – әскери қызметші, қалған ұсталғандар қарапайым азаматтар болып табылады», – деп хабарлайды БАҚ.

Ақпарат: http://t.me/zakonkz

Фото: kaz.nur.kz