Крематорий салынбақ: Алматыда қайтыс болған адамдардың мәйітін өртейтін болады – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Алматыда қайтыс болған адамдардың мәйітін өртейтін крематорий салынатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақапарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 46 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Орталық өкілінің айтуынша тұрғындар арасында крематорийге ұсыныс жоғары. Алайда, Мұсылмандар діни басқармасы шариғат бойынша мәйітті өртеуге болмайтынын айтты.  

Бүгін қазақстандық интернет басылымдарда Алматыда крематорий салынатыны жайлы ақпарат тарады. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға тендер жарияланғаны жазылды. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындаудың өзіне 46 млн теңге жұмсалатын крематориге алматылықтар арасында сұраныс бар көрінеді. Бұл туралы жерлеу рәсімімен айналысатын орталық өкілі Есбол Нүсіпов айтып берді.

«Халықтың арасында сұраныс бар. Бағана айтқанымдай біреу шет мемлекеттен келеді, күлін шетелге алып кетеді. Осы тұғыда ыңғайлы. Бұл енді өзінің қалауы бойынша істелетін зат. Бізде крематория бар, жерлейтін жер жоқ, сіздерді өртейміз деп айта алмаймыз. Ондай заң да жоқ. Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мәйітті өртеу шариғатқа қарсы екенін айтады. Басқарма жер жетіспеушілік мәселесін басқа да жолмен шешуге болады», – дейді ол.

Осы мәселеге қатысты шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов пікір білдірді. Ол бұл мәселені шариғаттың басқа шарттарымен шешуге болады деп отыр.

«Жер аз болса да оны өртеуге болмайды. Біздің шариғатымызда бір адам қайтыс болып, сүйегі шіріп, жоқ болып кеткен соң оның орнына басқа адамды жерлесе болады. Осылай жер мәселесін шешуге болады», – дейді Медет Құрсақов.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз