Коронавирустан ерлердің жиі ажал құшуының себебі айтылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Австралиялық Ла Троб университетінің генетигі Дженнифер Грейвз ер адамдар әйелдерге қарағанда коронавирустан неліктен жиі көз жұматындығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

науқас

Бұл туралы Science Alert басылымында жазылыпты. 

Маманның айтуынша, бұл жағдайға бірнеше фактор әсер етеді екен. Олар: ген, гормондар, иммундық жүйе мен әдет-қылықтардың өзгешеліктері. Айта кету керек, Италия мен Қытайда коронавирустан ажал құшқан ерлердің саны әйелдермен салыстырғанда екі есе көп екені анықталыпты. Ал Нью-Йоркте көз жұмғандардың 61%-ы ер адамдар көрінеді. Десек те коронавирустан көз жұмған ерлер мен әйелдер арасындағы жас ерекшелігі бірдей. 

Ғалым негізгі себеп ретінде диабет, рак, жүрек аурулары сынды созылмалы ауруларға көбіне ер азаматтар шалдығатынын айтып кетті. Сөзінше, еркектердің аурумен күресудегі дәрменсіздігі Y-хромосомасына тікелей байланысты екен. Бұл хромосомода «қоқыс ДНҚ-лары» көп кездесетін сыңайлы. Мұндай ДНҚ-лардың, әсіресе, ерлер қартайғанда кері әсері байқалып жатады. Ал жоғары тестостерон гормонының жоғары болуы мен эстроген гормон мөлшерінің төмендігі ер адамдардың жүрек ауруларына бейім келуінің негізгі себебі көрінеді.

Сондай-ақ ғалым әйелдердің иммундық жүйесінің мықтылығын атап кетті. Айтуынша, осыған орай әйелдердің вирустық ауруларға төтеп беру қасиеті де жоғары. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз