Алматы облысында жүргізуші блок-бекеттегі әскери қызметкерді ұрып тастаған – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында блок-бекетте ер азамат әскери қызметкерді соққыға жыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

қылмыскер

Көлік жүргізушісі Райымбек ауылындағы карантиндік аумақта патрульдеп жүрген әскери қызметкерге жұдырық жұмсаған. Оқиға 16 сәуір күні сағат 16-30 шамасында Қарасай ауданының Райымбек ауылының аумағында орын алған.

“Патруль талабы бойынша тоқтаған «Лада Гранта» макалы көлігінің 51 жастағы иесі автокөліктен шығып, өзгелерінің алыста тұрғанын пайдаланып, 24 жастағы әскери сарбазды соққыға жыққан. Жергілікті тұрғын оқиға орыннан із суытқан. Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды”,- деді Қарасай АПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Айдын Сейітов

Аталған оқиғаға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталыпты. Ол бұған дейін басқа адамға шабуыл жасағаны үшін сотталған. 
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз