Коронавирус пандемиясы кезіндегі ең қауіпсіз ел анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Жаңа үлгідегі коронавирус пандемиясы жағдайында елдердің қауіпсіздік рейтингісінде алғашқы орындарды Израиль, Германия мен Оңтүстік Корея иеленді. Бұл — Deep Knowlegde Group (DKG) консорциумының ресми сайтта жарияланған зерттеу нәтижелері,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

коронавирус

Зерттеуге сәйкес, рейтингтің алғашқы ондығына Австралия, Тайвань мен Гонконг, материктік Қытай, Жаңа Зеландия, Сингапур мен Жапония кірді.

Айта кетейік, Қазақстан бұл рейтингте жоқ.

Сонымен қатар, DKG пандемия қаупі бар 20 елдің рейтингін ұсынды. Рейтингтің алғашқы бестігіне Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Испания және Франция кірді. Одан кейінгі орындарды Швеция, Иран, Эквадор, Филиппин және Румыния иеленді. 12 орында Ресей тұр. Бұл тізімге де Қазақстан кірмеді.

Рейтингтерді есептеу кезінде сарапшылар қозғалуға шектеулер мен олардың ауқымы күшіне енгені туралы ақпаратқа назар аударды. Сонымен қатар, карантиннің ұзақтығы, оны бұзу жағдайлары, сондай-ақ мемлекет тарапынан экономикалық қолдау шаралары туралы деректер қаралды. Зерттеу авторлары бұл елдердегі коронавирусқа тестілеуге кең қол жетімділіктің болуына, денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарының мөлшеріне және басқаларға назар аударды.

DKG-тің мәлімдеуінше, ашық көздерден ақпарат, соның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Джонс Хопкинс университетінің деректері қолданылған.
Сарапшылардың айтуынша, деректер үнемі жаңартылып отырады және болашақта рейтингтегі орындарды бөлу өзгеруі мүмкін.

stan.kz