Қазақстан алты жыл ішінде 600 жаңа вагон сатып алуды жоспарлап отыр 

0

2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушыларға қызмет көрсету бекеті салынады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстанның теміржол паркін жаңартуға 657 миллиард теңге тарту жоспарланған. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Жолаушылар вагондарының жетіспейтінін барлығы біледі. Сондықтан алты жыл ішінде 600 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. Биыл 50 вагон сатып алынады, бюджеттік несиеге 20 миллиард теңге бөлінді», – деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Жалпы, 2025 жылға қарай магистральды теміржол желісінің тозуын 49%-ке, ал локомотивтерді 58%-ке төмендету жоспарланып отыр.  

«Бұл ретте жылжымалы паркті жаңартуға 657 миллиард теңге тарту жоспарлануда, оның ішінде 455 миллиард теңгесі жеке инвестиция», – деді министр. 

Автомобиль көлігі саласында 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушыларға қызмет көрсету пункті салынады.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз