Коронавирус кезінде ішуге қауіпті дәрілер белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус кезінде қабынуға қарсы препараттарды қабылдау жағдайды ушықтыруы мүмкін. Бұл туралы өзінің Twitter-іне Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран жазды.

коронавирус

Оның айтуынша, ибупрофен мен кортизон аурудың барысын қиындатуы мүмкін. Дене қызуын түсіру үшін министр парацетамол қабылдауға кеңес берді.

«Егер сіз қабынуға қарсы препараттарды қабылдап жүрген болсаңыз немесе күмәндансаңыз, дәрігермен кеңескен жөн», — дейді ол.

14 наурызда Еуропа Парламентінің Президенті Дэвид Сассоли Еуропадағы COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты дағдарысқа былай деп баға берді:

«Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Еуропа мұндай дағдарысты бастан кешірмеген», — деді Сассоли.

Ол ЕО коронавируспен күресу және пандемияның экономикалық салдарларына қарсы тұру бойынша бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті. Оның пікірінше, бір де бір еуропалық үкімет бұл мәселені өз бетінше шеше алмайтын еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирустық инфекцияның 155 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Вирусты жұқтырғандар саны бойынша алғашқы ондыққа Еуропаның бес елі кіреді: Италия, Испания, Германия, Франция және ЕО-ға кірмейтін Швейцария.

stan.kz