Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

38 0 0

Бұған дейін елімізде 6 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді, Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгінгі таңда тағы екі науқас тіркелді. Бірінші науқас – әйел. Біздің инфекциялық стационарда изоляцияда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталған болаты. Қосымша диагностиканың нәтижесі бойынша коронавирус табылды. Бұл отбасының барлық мүшелері инфекциялық ауруханада, басқа адамдардан оқшауланған», – деп мәлімдеді Біртанов брифингте.

Ал, екіншісі ер адам. Ол кеше Сеулден Алматыға ұшақпен ұшып келген.

Бұған дейін Қазақстанда 6 адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Олардың төртеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда, барлығы шетелден ұшып келген.

Тағы бір қазақстандық Германияда емделіп жатыр, белгілі болғандай, ол қазақстандық дипломаттардың бірінің әкесі.

Қазір 1425 адам стационарлық карантинде жатыр, ал 496 адам үйде карантинге алынған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз