Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Президенттің айтуынша, біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Бұл ғаламда Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ, дейді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзін желіде баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

«Бүгінгі әлем тұрақты емес. Жаһандағы ахуал күн сайын өзгеріп жатыр. Өте құбылмалы жағдайда өмір сүріп келеміз. Кезінде қырғи-қабақ соғыс заманы өткен кезде барлық саясаткер енді әлемнің келешегі жарқын болады, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келеді, қақтығыстар болмайды деп айтқан болатын. Дегенмен, мұндай болжамдар бұрыс болып шықты», — дейді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазір адамзаттың болашағы бұлыңғыр, ал біздің еліміз дүние жүзінің бір бөлігі.

«Бұл ғаламда Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ. Әрине, достарымыз аз емес. Бірақ біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті. Оны ешқашан естен шығармауымыз керек», — деген президент «біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда» екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарды сабырлық сақтауға шақырды

 



sputniknews.kz