Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды

0
19

Азияда

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әлиақбар Юлдашевке өрт сөндіру қызметінде жұмыс ұсынылды. Алайда ол Қазақстан азаматтығынан бас тартқысы келмеді

АЛМАТЫ, 29 сәуір — Sputnik. Оңтүстік Кореяның Янян уезінің билігі он адамның өмірін сақтап қалған Әлиақбар Юлдашевты марапаттау рәсімінде оған жұмыс ұсынды. Алайда қазақстандық болашақта елге оралуды жоспарлап отырғанын айтып, ұсыныстан бас тартты.

Янян уезінің өрт сөндіру станциясының басшысы Ко Чана Хо Әлиақбарды жұмысқа шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

«Янянда шетелдік Корея азаматтарын құтқарған бірінші жағдай. Әли әрбір көршісіне өрт шыққанын хабарлап, үйден өздігімен шыға алмайтындарды құтқарды. Ол қауіптен қорыққан жоқ, адамгершілік танытты, өте керемет іс жасады», – деді Ко Чан Хо.

Қазақстандықтың жұмыстан бас тартуы оңтүстіккореялықтарды таңғалдырды. Жергілікті өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеу үшін Әлиақбар Қазақстан азаматтығынан бас тарту керек.

«Өмірімнің соңына дейін бұл жерде қала алмаймын. Үйде, Түркістанда болғым келеді. Ешқандай ақшаға алмастырмаймын», – деді ол.



sputniknews.kz