Бірыңғай жиынтық төлемді төтенше жағдайдан кейін төлеуді кімдер жалғастырады? – Қазақстан жаңалықтары

0

42500 теңгені алу үшін, бірнеше табысын жасырған кәсіпкерлердің ісі әшкере болды. Себебі, министрліктің бірыңғай жиынтық төлемді төлеңдер деп айтқанымен, оны орындағандар аз. Елімізде 300 мың адам БЖТ-ны ай сайын төлеп келген. Сонымен қатар, бейресми жұмыс істейтіндердің саны төтенше жағдай кезінде артқаны айдан анық. Мемлекеттік кірістер комитеті бейресми азаматтар енді төтенше жағдай аяқталғаннан кейін төлемді жалғастыруы тиіс деді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

ақша

Жырлап жүріп қол жеткізген 42500 теңгенің дауы аяқталуға жақын. Десе де енді әлеуметтік төлемге қол жеткіземін деп, өзінің кәсібін заңдастырған бейресми азаматтар алдағы уақытта БЖТ төлеуге міндеттелмек. Кешелі бері түрлі пабликтерде мемлекеттік кірістер комитетінің таратқан осы ақпараты біраз жұрттың мазасын қашырды.

«Әр жеке тұлға өзін қызметпен қамтамасыз етсе төлейді. Кейбір кісілер бар репетитор, сабақ үйретеді, шахмат, БЖТ төлеушілері болып табылады. Кез келген азамат жеке кәсіпкерлікпен айналысса, тіркелу керек, болмаса БЖТ төлеу керек», – дейді Олжас Отар, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Қысқасы, төтенше жағдай кезеңінде БЖТ-ны алғаш рет төлеген тұлғалар өзін – өзі жұмыспен қамтыған ретінде көрсеткен. Сәйкесінше, елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін кәсібін жалғастырса оны төлеуі қажет. Мәселен, елімізде бұл төлемді ай сайын төлеп келген кәсіпкерлер бар. Олардың сөзінше, қорқудың жөні жоқ.

«Мен жеке кәсіпкер ретінде ай сайын БЖТ төлеп отырмын. Жұмысшыларымда төлейді. Сол төлемнің арқасында елдегі жағдайға байланысты үкіметтің берген ақшасын алдық. Әрі қарай БЖТ-ны төлей беремін», – дейді Гүлнәр Сәрсенғалиева, жеке кәсіпкер.  

Атап айтқанда, бірыңғай жиынтық төлем бейресми жұмыс істейтін азаматтар үшін 4 міндетті төлемді, бір реттік төлеммен алмастыруға мүмкіндік береді. Ол дегеніңіз, сіз төлеген 2610 теңгенің 10% – жеке табыс салығы, 20 % – әлеуметтік аударымдар, 30 % – міндетті зейнетақы жарналары, 40% – міндетті медициналық сақтандыруға түседі, дейді экономист Дәулет Төлеутайұлы.

«Бір жылдық табысы 1175 АЕК аспайтын жеке тұлғалар төлейді. Ол дегеніміз шамамен 3 млн 114 мың теңгеден аспайтын, оны 12 айға бөлетін 259 мың теңгеден аспаған адамдар жұмыстарын заңдастыра отырып, алдағы уақытта да БЖТ төлейтін болады. Ал мынау МӘМС үйде отырған аналар үш жасқа дейін төлемеуге құқылы, студенттер де төлемейді», – дейді экономист Дәулет Төлеутайұлы.

Сарапшылар егерде табысы тұрақсыз болып, үш айда бір рет қана нәпақасын тауып жүргендер болса ай сайын БЖТ төлейметінін айтады. Сондықтан да пабликтерде өріп жүрген түрлі қауесеттерге сенбеуге шақырды.

«Сіз белгілі бір табыс тауып жатырсыз. Бір айда мысалы, сәуір, мамыр айында табыс таптыңыз, шілде …айында таппадыңыз, яғни мына айда төлейсіз, басқа айда төлеуге міндетті емессіз. БЖТ ерекешелігі сол, ешқандай салықтық есеп декларция тапсырмайды!», – дейді Олжас Отар, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Сондай-ақ, бейресми жұмыс істейтіндердің табысын жасырғаны анықталған жағдайда әкімшілік шара қолданылады. Ал егерде төтенше жағдай кезіде БЖТ байқамай төлеп қойған, болмаса дұрыс жібермеген азаматтар электрондық портал арқылы өтініш жіберіп, ақшасын қайтарып алуға болады.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз