Домой Жаңалықтар Конституциядан «Елбасы» сөзі алынып тасталды

Конституциядан «Елбасы» сөзі алынып тасталды

0
155

Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Конституциядан Елбасының мәртебесі мен артықшылығы туралы баптар алынып тасталғанын атап өтті.

«Конституцияда тек қана мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана қалады. Сондықтан Конституция қабылданғаннан кейін, Тұңғыш президент туралы Конституциялық заң да күшін жояды деп күтілуде», — деді Қошанов.

Сонымен қатар, Назарбаевқа қатысты экс-президент туралы норма қолданылады. Бүгінде бұл норма Конституцияда да, президент туралы заңда да бар. Ол Конституциядан «Елбасы деген» сөз алынып тасталғанын айтты. Бұл ретте мәжіліс төрағасы экс-президент туралы норма Назарбаевқа қандай құқық пен құзырет беретінін нақтылады.

«Біріншіден, ар-намысы мен абырой-беделін қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау, яғни зейнетақысы, көлігі, күзеті бар. Осы мәселелер мемлекет тарапынан реттеледі», — деді ол.

Жаңа конституциялық заң бойынша Назарбаевты ұстауға, қамауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге, күзетпен ұстауға болмайды.

Сонымен қатар, Елбасы мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі барлық жеке мүлікке тиісуге және шектеу қоюға болмайды.

(Фото ашық ақпарат көздерінен)