Әлия Назарбаева АЭОК төрағасы қызметінен кетті

0

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының (АЭОК) төралқа төрағасы қызметінен кетті.

Бұл туралы AbzhanNews Telegram-арнасы хабарлады.

Әзірге ресми мәлімдеме жоқ.

Еске салсақ, 2021 жылы 6 сәуірде Әлия Назарбаева Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы болып тағайындалған.

(фото centralasia.media)