Нұр-Сұлтанда дәмхана жарылды: зиян шеккен 33 адам ауруханаға жеткізілді

0
218
Advertisement

Шұбар ауданында газ балонның жарылу салдарынан 33 адам зардап шекті. Барлығы жедел жәрдем қызметімен түрлі жарақатпен қала ауруханаларына жеткізілді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Әзірге барлық науқасқа көмек көрсетілуде, медициналық қызметкерлер, салалы қызметкерлер жәрдем етуде. Зардап шеккендер туралы толық ақпарат кейінірек таратылмақ. Қазіргі уақытқа оқиға орында 3 ЖМЖ бригадасы бар. Барлығы 22 бригада жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, 2020 жылғы 20 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде бір адам және 15 газ баллон бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған.

Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілді.

«Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД то, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдарынан 34 құтқарушы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Адамдар тоңып қалмас үшін қала әкімдігі және ТЖ департментімен КУНГ—көлігі мен автобус жіберілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды, психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін жедел желі телефоны қосылды 24-51-71, 24—51—47», – делінген хабарламада. 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз