Есірткі шеккен: Ер адам 6 жасар баланың басын кесіп тастады

0
3907
Сурет: kp.ru

Саратов облысы Энгельс қаласының тұрғыны 6 жасар баланың басын кесіп тастады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Ұл бала анасының алтыншысы болған. Оны өлтірген күні анасы жетіншісін босанып жатқан.

Жантүршігерлік жағдай 20 қараша күні болды. Өгей әке танысын баласына қарай тұруды өтініп, өзі жұмыстармен шығып кеткен. Артынша қайтып келген соң бассыз жатқан баласын көреді. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті есірткі тұтынған.

Саратов облысы балалар бойынша уәкілдің айтуынша, көршілері бұл отбасы туралы ешбір жаман сөз айтпаған. Алайда көпбалалы ана кейбір балаларының ата-анасы болу құқығынан айырылған. Олардың бесеуі әртүрлі ауданда туыстарының қолында тұрады.