Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге алуға арналған сайт ашылды

0
21

Порталға кіріп, ең алдымен, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу керек. Жүйе өтініш берушінің тізімде бар-жоғын тексереді

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Коммуналдық қызмет үшін 15 мың алуға арналған сайт ашылды. Бұл туралы астанлық әкімдіктің iKomek бірыңғай байланыс орталығы хабарлады.

Өтемақы алу үшін Komtolem.kz сайтына өту керек.

Алдымен жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет.

Жүйе өтініш берушінің тізімде бар-жоғын тексереді.

Егер тұрғынға өтемақы берілуі тиіс болса, бірақ жеке сәйкестендіру нөмірі базада болмаса, +7 (7172) 28 09 59 нөміріне хабарласу керек.

Сайтта өтінішті @KOMTOLEM_BOT  Telegram-боты арқылы жіберуге болатыны жазылған.

Шындыққа жанаспайтын ақпарат берілгені үшін жауапкершілік қарастырылғаны ескертіледі. Қылмыстық кодекстің 190-бабына («алаяқтық», айыппұлдан бастап екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру қарастырылған – Sputnik) және 195-бабына («алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру», айыппұлдан бастап 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған) сәйкес жауапқа тартылады.



sputniknews.kz