«Көмектесіңдер!»: Орыс жігіт интернеттен алған аяқ киімнен ұйғырдың хатын тауып алды

1

Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Арслан Гибадуллин Интернет арқылы тапсырыс берілген The North Face брендіндегі кроссовкалардан Қытайдағы  ұйғыр тұтқынның көмек сұраған жазбасы табылды.

Арслан «Траектория» интернет-дүкеніне кроссовкаларға тапсырыс бергенін, оларды 12 қарашада логистикалық компанияның қоймасынан алып кеткенін айтты. Кроссовкалар пошта жеткізілімінің пакетінде болды, кроссовканың оң жақ сыңарының жоғарғы жағына стикер жазбасы жабыстырылған.

Бұл туралы  «Бумага» сайты жазды.

Онда «Көмектесіңіз. Мен Қытайда түрмеде отырмын. Көмектесіңізші. Ұйғыр» деп жазылған.

Санкт-Петербург қаласының тұрғыны бұл әзіл болды ма, жоқ па, бұл істі көпшілікке жария ету керек деп санайды.

Біріншіден, The North Face оның «спам» екенін айтты. Бірақ содан кейін бұл пікір жойылды. Кейінірек компания мәжбүрлі еңбекті қолданбағанын айтты, бірақ соған қарамастан ішкі тергеу басталды.

«Біздің кез-келген өнім өндірісінде мәжбүрлі еңбекті қолданбайтынымызға және сіз сатып алған аяқ киім өндірісінде түрмедегі жұмыс күшінің қолданылмағанына біз сендіре аламыз … … Ұсынылған фотосуреттердегі аяқ киім ешқашан Қытайда болған емес» делінген ресми жауапта.

Коспания аяқ киімнің Вьетнамда жасалғанын және тікелей компанияның Бельгиядағы зауытына, содан кейін Ресейдегі дистрибьютерлік орталыққа жіберілгенін, сол жерден кроссовкалар Траекторияға жеткенін айтты.

Арслан аяқ киімді, түпнұсқалық қаптаманы, сатылған түбіртектерді және жазбаны The North Face-ке жіберді. Олар кроссовканы жаңасына ауыстыруға уәде берді.

5 қарашада Ұлыбритания парламенті бұл туралы тыңдау өткізді.

Парламент The North Face, Adidas, Amazon, Boohoo, H&M, IKEA, Nike, Puma сынды брендердің мұндай жұмыс күшін пайдаланбағанын растауды сұрады.

Осы компаниялардың өндіру жұмыстары тексеріліп жатыр, өйткені әлемде сатылатын мақта маталарының әр бестен бірінде Шыңжаң шикізаты қолданылады.

2017 жылдан 2020 жылға дейін әлемдік ақпарат құралдары мен құқық қорғаушылар Қытай билігінің ұйғырлар мен сондағы азшылық мұсылмандарды қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы жаппай жазды. Австралиялық стратегиялық саясат институтының мәліметтері бойынша, 2020 жылға қарай 1 миллионнан астам ұйғыр және басқа түркі мұсылман азшылықтары «қайта тәрбиелеу лагерлерінде» отыр.

 

«Көмектесіңдер! Мен Қытайдағы түрмеде отырмын»: ұйғырдың хаты арандату ма әлде мұсылманның жан айғайы ма?