Келелі ой, кесімді пікір | «Айқын» газеті

0
61

Елбасының ел болашағына деген алаңдауынан туған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талай келелі істердің бастамасы болғаны белгілі. Тағылымды туынды жарық көрген мезеттен бері көптеген игілікке толы жұмыстар атқарылды. Осы ретте Қазақстанның үшінші жаңғыруының заңды жалғасы саналатын мақала еліміздің кезекті рет кемелдену сүзгісінен өтуіне мол мүмкіндік береді.
Елдің шінші мәрте түлеуі аталған мақаламен жалғасуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек – бағдарламалық құжат. Үлкен қос бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр.
Бұл іргелі туындыны халық мәңгілік ел мұратын жүзеге асырудың түп қазығын көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдап жатыр. Ол елімізге рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмәнім жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана Елбасының ұзақмерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады.
Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяны ұсынудың уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай маңызы жоғары. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық. Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, патриоттық қасиетті бойына сіңіріп өсу үшін осындай бағдардың болғаны өте дұрыс.
Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Бажайлап қарасаңыз, мұның барлығы ел болашағының баянды болып, халықтың мерекелі, берекелі тірлік кешуіне бағытталғанын аңғарасыз.

Анар ДАРХАНБАЕВА,
Алакөл аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Дереккөз: Айқын