Қытай жоғары әскери шендісінің Оңтүстік Қытай теңізі туралы пікірі АҚШ-ты алаңдатты

0
161

АҚШ Қытайдың жоғары әскери шенділерінің Оңтүстік Қытай теңізіне байланысты жасаған мәлімдемесіне алаңдаушылық білдірді. АҚШ-тың бұл жауабы, Құрама Штаттың Оңтүстік Қытай теңізіндегі және басқа да халықаралық су жолдарындағы еркін қатынасты қорғауға әрекет ететінін қайталай ескерткендей болды.  

Жақында Global Times басылымында Қытайдың Теңіздегі қауіпсіздік және ынтымақтастық академиясының меңгерушісі Дай Шуйдің Оңтүстік Қытай теңізіндегі АҚШ-тың әскери әрекеттерін сынға алған пікірі жарияланған болатын. Ондай аталған қытайлық жоғары әскери шенді: «Егер Құрама Штаттар Қытай суларына (Оңтүстік Қытай теңізі айтылып отыр. ред.) қайталай әскери кемелерін кіргізетін болса, оған қарсы екі соғыс кемесін жіберу керек», – деген пікірін айтады. АҚШ тарабынан бұл ашық қарсылық пен жауласуға бастаушы мәлімдеме ретінде қабылданып отыр

АҚШ-тың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша қорғаныс министрінің орынбасары Джозеф Фюрт мәлімдемесінде: «Құрама Штат Қытайға тәуелді су айдындарына кірмейді. Бірақ, халықаралық заңға сәйкес Оңтүстік Қытай теңізі секілді ортақ су жолдарына кіру құқығымызды сақтап қалатын боламыз. Егер, Қытай тарабы Оңтүстік Қытай теңізі секілді халықаралық су жолдарында кемелердің еркін жүзуіне шектеу қойғысы келсе, бұл тек шиеленісті арттырады», – деді.

Америкалық қорғаныс өкілдері Дай Шуйды «Қытай Халық азаттық армиясы Әскери-әуе күштері институтының жанжал шығарғыш шендісі» ретінде көрсеткен.

Қытай мен АҚШ-тың арасында Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Тынық мұхит айдынындағы бәсекесі қыза түсуде. Бұл бәсекеде тараптар Оңтүстік Қытай теңізі секілді даулы мәселелерде қайшылықтарға жол беріп, тіпті әскери қыр көрсету әрекеттеріне дейін барып жатады. Оңтүстік Қытай теңізі мәселесі АҚШ-Қытай арасындағы «қызыл шырақ» аймағы деуге де болады. Әр екі жақ та аталған теңізге кірген келесі тараптың әскери кемелеріне күшті наразылық танытады. Бұл туралы әскери шенділер бір-біріне сөз қарымтасын қайтарып жатады. Державалар арасындағы Үнді-Тынық мұхиттағы басымдыққа деген талас екі елді түбегейлі стратегиялық қарсылас елдердің қатарына қосты.

“The Qazaq Times”