Каспийде шекарашылар 4 браконьер мінген шетелдік қайықты ұстады

0

2018 жылғы 29 желтоқсан 23:31 254

Каспийде шекарашылар 4 браконьер мінген шетелдік қайықты ұстады

АҚТАУ. ҚазАқпарат — Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізі акваториясындағы жауынгерлік қызметі барысында қару қолдана отырып, браконерлерді құрықтады., деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумақтық суларында ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті басқармасының шекара кемесінің жауынгерлік кезекшілігі барысында, 23 сағат 45 минутта (Адамташ мүйісінен батысқа қарай 10 миль шамасында) «Байда» шағын қайық анықталды, шекарашылар олардың соңына түсті.

«Шағын қайықты тоқтату мақсатында «ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы» заңына қару қолданылды. Қайықтағылардың біреуінің оң жақ иығынан жанама жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. 29 желтоқсанда 00 сағат 10 минутта шағын қайық ұсталды. Кемеде 4 адам. Әзербайжан Республикасының азаматтарының сөзіне қарағанда 40 асыл тұқымды балық, 10 жәшік броконьерлік балық аулау және спутниктік байланыс және навигация құралы тәркіленді», — делінген хабарламада.

Қазақстанның  Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу дерегі бойынша  қылмыстық іс қозғалды. 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz